Ұлттың денсаулығы

Қазақстандық әскери қызметшілер Оңтүстік Кореядағы Бүкіләлемдік армия ойындарына қатысуға дайындалып жатыр

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары оқу-жаттықтыру орталықтарында 2015 жылғы қазанның 1-і мен 11-і аралығында өтетін 6-шы жазғы Бүкіләлемдік армия ойындарына (СИЗМ Армия спортының дүниежүзілік кеңесі) дайындықты жалғастыруда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 28 Қыркүйек, 15:19

Армия спортшылары спорттың 10 түрінен, яғни, еркін күрес, спорттық бағдарлау, дзюдо, жүзу, грек-рим күресі, оқ ату, әскери бессайыс, таэквондо, жеңіл атлетика, бокстан өнер көрсетеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын АОСК-ның 60-қа жуық спортшысы қорғайтын болады.

Олардың арасында көптеген танымал спортшылар бар. Олар: Алматы қаласында өткен 2014 жылғы бокстан 55-ші әлем чемпионатының чемпионы қатардағы жауынгер Елдос Сарқұлов, таэквондошы қызметкер Нұрсұлтан Мамаев, грек-рим күресінен әлем чемпионы қатардағы жауынгер Бағлан Жақанша, дзюдошы қатардағы жауынгер Гусман Қырғызбаев және басқалар.

Барлығы 6-шы Дүниежүзілік армия ойындарына әлемнің 120 елінен бас қосқан 8,5 мың өкіл қатысады. Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметшілер арасындағы бесінші жазғы Бүкіләлемдік армия ойындары 2011 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Оған спорттың келесі түрінен (баскетбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетика, парашюттік спорт, жүзу, таэквондо, триатлон) 52 спортшыдан құралған Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы да қатысты.
 





Яндекс.Метрика