Инновациялар

Қазақстанда инновациялық байқауда жылдың үздік өнертапқыштық идеясын ұсынғанға 5 млн теңге бөлінеді

ҚР-ның инновациялық ұлттық байқауында «Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі» аталымының жүлде қоры 5 млн теңге, деп хабарлады «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:14

«Ұлттық байқаудың үшінші номинациясы - «Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі» басталды. Ағымдағы жылы кәсіпорындарды барынша тартуды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 300 орташа және ірі кәсіпорындарды қамтып отырмыз», - деді Ж. Сәлімов.

Аталып өткендей, байқауға өтініш қабылдау 2015 жылдың 28 қыркүйегінен бастап 25 қазанға дейін жалғасады.

Жүлде қоры 5 млн теңге: 1 орын - 2,5 млн теңге, 2 орын - 1,5 млн теңге, 3 орын - 1 млн теңге.

Ж. Сәлімовтың айтуынша, барлық өтініш онлайн-форматта жіберілетін болады.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері арасында инновация тақырыбындағы үздік материалдар «Мерзімдік басылымдағы үздік материал», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік интернет-материал/үздік блогер» аталымдары аясында іріктелінеді. Бас жүлдені иеленген журналистке 1 млн. теңге тапсырылады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика