Өңірлер

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге 391 үй тапсырылды

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге 391 үй тапсырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды28 Қыркүйек , 15:04

Республика бойынша су тасқынынан Қарағанды облысы ең көп зардап шекті. Бүгінде өңірде су тасқынынан қираған үйлердің орнына жаңа үйлер салынып бітті. Жалпы бюджет қаражаты есебінен 391 үй салынды.

Үй құрылысы 5 мамырда басталған. Тұрғын үй құрылысы бойынша штаб жұмысы облыс басшылығының тұрақты бақылауында болды.

Облыста табиғи апаттан 2107 отбасы зардап шекті. Тәуелсіз сараптама 391 үйді (459 пәтер) апатты деп таныды. Зардап шеккен азаматтарға бүлінген, жоғалған мүліктері үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 719 млн. теңге өтемақы төленді.

Бұдан басқа, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттары жоқ 101 үй иелерінің мәселелері де шешілді. «Қоғамдық кеңес әр жағдай бойынша жеке шешім шығарды. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 45 отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді. Қалған 56 отбасы бойынша: 14-іне үй салынды, 32-іне үй сатып алынды, 10 отбасыға өтемақы төленді», - деп қосты облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Облыс әкімі Н. Әбдібеков өңірлерге барып, қоныстанушыларға жаңа үй кілтін табыстады.

Н. Әбдібеков су тасқынынан ауқымды зардап шеккен Бұқар Жырау ауданы Ғ. Мұстафин атындағы кентте болды. Бір ай бұрын 100 үй тапсырылды. Осы жолы 65 отбасы жаңа тұрғын үй кілтін алды.

Облыста айтарлықтай жұмыс жасалды. Барлық зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілді, деп атап өтті өңір басшысы.
Кент тұрғындары билік пен құрылысшыларға алғыстарын білдірді.

 




Яндекс.Метрика