Президент тапсырмаларының орындалуы

Жыл соңына дейін Қазақстанда 14 медицина-құтқару пункттері ашылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Төтенше жағдайлар министрлігі трассалық медицина-құтқару пункттерін іске қосады, деп хабарлайды ТЖ вице-министрі Валерий Петров.
Казахстан29 Қазан , 15:54

«Бүгінгі таңда 12 трассалық пункт құрылып, жедел медициналық көмек көрсете бастады. Олардың 4-еуі Алматы облысында, 4-еуі Қарағанды облысында, 2-еуі Ақмола облысында, Жамбыл мен ОҚО-да бір-бірден. Келесі 2014 жылы осындай тағы 14 пунктр қолданысқа беріледі деп жоспарлануда», - деді В.Петров.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, зақымданған адамдарға бір сағаттың ішінде жедел жәрдем қызметі көрсетілсе, науқастың өлім қаупі кешірек медициналық көмек көрсеткенге қарағанда 2 есеге дейін төмендейтін көрінеді.

«Біз ТМД елдерінің тәжірбиесін зерттедік. Елдегі шарттарға сай біз бұл пункттерді бес адамнан жасақтадық. Олар дәрігер, фельдшер, диспечер, құтқарушы мен жүргізуші-құтқарушы. Құтқарушылардың да бұл құрамда қамтылуы науқасты тасымалдау мен медицина қызметкерлерінің уақыт жоғалтып алмай дереу қызмет көрсетуіне жол ашады», - деді вице-министр.

2013 жылдың қазан айында 937 ЖКО орын алған жерге тиісті топ аттандырылған. 2,5 мың адам алғашқы медициналық көмсек алса, 900 адам ауруханаға жатқызылған.

Айта кету керек, осы жылы маманданған тікұшақ авиациясын құру аяқаталады.

«Желтоқсанда тағы 4 тікұшақ аламыз. Осылайша тікұшақтарымыздың саны 16-ға жетеді. Бұлар республиканың барлық аймағында қызмет көрсетеді», - деп қорытындылады ТЖ вице-министрі.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика