Инновациялар

Қазақстанда инновация бойынша ұлттық байқау басталды

2015 жылы инновациялық процеске тартылған барлық халықты тартуды жоспарлап отырмыз – олар оқушылардан бастап ірі кәсіпорындарға дейін, деп хабарлады «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 11:26

«Ағымдағы жылы инновациялық процеске тартылған барлық халықты тартуды жоспарлап отырмыз – олар оқушылардан бастап ірі кәсіпорындарға дейін. Біздің байқау төрт номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі», «Инновациялық тақырыптағы үздік тілші материалы», - деді Ж. Сәлімов.

Оның айтуынша, «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша байқауға 5-1 сынып оқушылары және Қазақстан колледждерінің 1-2 курс студенттері қатыса алады.

«Аталмыш номинация бойныша басты жүлде Ұлыбританияда таныстыру-білім беру сапары. Тур аясында балалар Лондон музейін, Роял Гринвич обсерваториясы, Кембридждің ғылыми фестивалі, FireTech ғылыми балалар лагерін аралай алады», - деп хабарлады Ж. Сәлімов.

«Үздік жас ғалым» номинациясының жеңімпазына бас жүлде 7,5 млн теңге, байқаудың екінші орыны үшін - 2,5 млн теңге, 3-ші орын үшін  1,5 млн теңге беріледі. Сонымен қатар, Ұлыбританияға Education Tour  бара алады.  

Инновациялық байқау ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде басталды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика