Ұлтаралық бірлік

Р.Валиев: Қазақстандағы барлық этностардың құқығы мен мүмкіндігі бірдей (ВИДЕО)

Қазақстандағы барлық этностардың құқығы мен мүмкіндігі бірдей, деді «Тан» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Рафик Валиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 12:09

«Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатыр. Осы жылы барлық шаралар бірігіп, патриоттық, эмоционалды кезең тудырды. Барлық этномәдени орталықтар бірлесіп, Президенттің «Мәңгілік ел» идеясын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Осыған дейін біздің елге көшіп-қонушылар саны баршылық болды, біздің елдің толеранттылығы барлық ұлтқа бірдей құқық пен мүмкіндік беруде байқалды», - деді Р.Валиев.

Этномәдени орталық төрағасының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамбелясы – бұл құр институт емес, елдің заңнамалық органына кандидаттар ұсынатын саяси ұйым.

«Біз Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын құрғаны үшін алғыс айтамыз. ҚХА - елдің заңнамалық органына кандидаттар ұсынатын саяси ұйым. Оны тек Қазақстан ғана мақтан тұтпайды, ТМД елдері де мойындайды. Себебі, қазіргі замандағы ең басты мәселе – ұлтаралық қарым-қатынас. Қазір бізге инвестициялармен, зауыттар мен фабрикалармен айналысу қажет. Себебі бізде саяси тұрақтылық пен ұлттар арасындағы достық қарым-қатынас бар», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика