Білім беру

40 жыл ішінде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында 5 мың маман білім алды

40 жыл бұрын Орта Азияда ұшу және инженерлік-техникалық құрамдардың авиациялық мамандарын дайындауды жүзеге асыратын бірден-бір жоғары әскери оқу орны Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесі (бұрынғы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты) құрылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе29 Қыркүйек , 20:43

Құрылған сәттен бастап Ақтөбе азаматтық авиация жоғары училищесі 5 мыңнан астам маманды түлетіп шығарды, олардың ішінде қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев. Олардың біршамасы Қазақстанның, ТМД елдері мен алыс шетелдің әртүрлі авиациялық компанияларында жұмыс жасауда. Азаматтық авиация үшін инженер-ұшқыштарды даярлау жөніндегі Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесі 1974 жылғы 26 маусымдағы КОКП ОК және КСРО Министрлері Кеңесінің қаулысы негізінде ұйымдастырылды.

Курсанттардың бірінші іріктелуі 1975 жылдың қыркүйегінде өтті. Бастапқы ұшуға оқып-үйрету ЯК-18Т пилотажды оқу ұшағында жүзеге асырылды, шығару ұшағы ЯК-40 болды, кейіннен АП-28 игеріле бастады. Училище қабырғасында Венгрия, Ауғанстан, Вьетнам, Ангола, Кипр сияқты шетел мемлекеттерінің курсанттары оқыды.  Жеке құрамның ұлты 30-дан асып жығылды. Осы мерейтойлық күнге орай ӘҚК Әскери институтының базасында жоғары оқу орнының құрылуының 40 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға училищенің түлектері мен профессорлық-оқытушылар құрамы келді. Әскери институтта Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесінің 200-ге жуық түлегі және қызметкерлері қауышты.  Естеріңізге салсақ, осы жылы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 108 курсантты бітіртуге дайындады, олардың ішінде ҰҚШҰ елдерінің 15 өкілі бар. Бұл тап күзде жас офицерлерді түлетіп шығаратын Қазақстандағы бірден-бір әскери институт.

Бітірер алдында сәуір мен қыркүйек аралығында курсанттар қорытынды әскери тағылымдамадан және ұшу практикасынан өтеді. Осылайша, барлық курс бойынша қазіргі түлектердің жалпы ұшып өтуі АП-26-да 209 сағатты, Л-39-да 388 сағатты және Ми-8-де 349 сағатты құрады. 


 




Яндекс.Метрика