Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Еуропа – Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» көрмесі аясында ҚР мен РФ бизнесмендері 67 келісім шартқа қол қойды

Ақтөбеде «Еуропа – Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» XIV-ші халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Ресей өкілдері арасында 67 келісім шарт түзілді, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.
Ақтөбе28 Қыркүйек , 11:54

Шекаралас аймақтардың көрмесі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, қоғамдық ынтымақтастықты дамыту, Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы қатынастарды нығайту, бірлескен бизнес жобаларды, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Кувандык зауытының өкілдері Ақтөбеге осымен 10 жыл қатарынан келуде. Бүгінде әр екінші жергілікті метал өңдеу бойынша кәсіпорында олардың станоктары орнатылған. Аталмыш көрменің алдын-ала қорытындысы бойынша олар 120 млн теңгенің тапсырысын алып үлгерген.

«Біз 2016 жылға тапсырыс алдық. Біздің өндіріс келісім шарттармен толы, оның ішінде Қазақстан үшін тапсырыстар да бар. Жалпы біздің серіктестеріміздің көңілі толады деген үміттеміз», - деді Кувандык зауыты бас директорының орынбасары Рустам Мингалеев.

Осы рете, ірі ресейлік құрылысшылармен ақтөбелік газаблок өндіретін зауыт «Экотон-Батыс» ЖШС да келісімге отырды. 2014 жылдан бері зауыттың ресми өкілділігі Орынбор қаласында жұмыс істеп келеді, ол өзін жақсы жағынан көрсете білген. Зауыт іске қосылғалы өндірістік қуаттылығы 8 есе өссе, осы ретте экспорттық әлеуеттіде артып келеді.

«Біз 3 мың текше метрден астам өнімді жөнелтіп үлгердік, өнімді жіберу әліде жалғасуда. Осындай көрмелердің арқасында біз жақындай  түсудеміз», - деп атап өтті «Экотон-Батыс»ЖШС өкілі  Нұрлыбек Ибраев.




Яндекс.Метрика