Адами капитал

Қазақстанда «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясы өтуде

Бүгіннен бастап «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» кең ауқымды республикалық акциясы басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ.
Казахстан28 Қыркүйек , 20:43

Акцияның мақсаты, халықта тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.

Акцияға барлық мүдделі мемлекеттік органдар «Нұр-Отан» ХДП, қоғам өкілдері, құқық қорғау саласындағы қоғамдық құрылымдар, ҮЕҰ және аумақтық ішкі істер органдары қатысады.

Жалпы, осы жылдың 8 айында ұсақ бұзақылықтардың жасалуына қоғамдағы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру шеңберінде аталған санатқа жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтау бар.

 




Яндекс.Метрика