Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында бірқатар кездесулер өткізді

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бірқатар көпжақты кездесулерге қатысты, олардың басты тақырыбы аймақтық ынтымақтастықты нығайту перспективалары болды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде28 Қыркүйек , 10:02

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК) мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында осы жылғы 11 қыркүйекте Астанадағы саммит барысында ТМЫК мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты міндеттері талқыланды. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия СІМ басшылары осы ұйым ауқымында ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөніндегі бұдан былайғы қадамдарды талқылады, соның ішінде ақпараттық сала, туризм және инвестициялар сияқты бағыттар да әңгіме өзегіне айналды.

Ауғанстан, АҚШ және Қытай ұйымдастырған Ауғанстанды бейбіт қалпына келтіру және аймқтық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесу 20-дан астам мемлекеттердің, сондай-ақ Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрлерінің басын қосты.

Шарада сөйлеген сөзінде Е.Ыдырысов Ауғанстанды бейбіт қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге Қазақстанның негізгі тұрғыларына тоқталды, ол ҚР екіжақты деңгейде дәйекті шараларды қолға алып отырғанын атап өте отырып, 1000 ауғандықты бейбіт кәсіптерге даярлау жөніндегі білім бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын әңгімеледі. Әріптестердің ынтасын тудырған өзінің сөзінде қазақстандық министр Ауғанстанды қалпына келтіру бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін өмірлік маңызды мәселе екенін ерекше атап көрсетті, осыған байланысты ол ортақ мүддеге сүйене отырып, халықаралық факторларды үйлестіру және Ауғанстан төңірегінлде геосаяси шаралардың туындауына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Кездесу қорытындысымен қатысушыл мемлекеттер осы елге жүйелі негізде одан әрі жәрдемдесуді жақтайтынын тағы да қуаттады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің төрағалығымен өткен «Орталық Азия - АҚШ диалогы» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кзедесуінде мазмұнды әңгіме өрістеді. Кездесу барысында Е.Ыдырысов диалогтың жаңа форматының маңызын атап өте отырып, аймақтық өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселелерін қозғады. Шара Қазақстан үшін де және аймақтағы оның көршілері үшін де, сондай-ақ Құрама Штаттар үшін де өзара ықылас тудырған мәселені көпжақты талқылау өткізуге мүмкіндік берді, соның ішінде транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және оның әлемдік экономикалық байланыстарға ықпалдасуы деңгейін арттыру мәселелері де сөз болды.

 «БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы  іс-қимыл бағдарламасы ауқымында Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша ынтымақтастықты нығайту» тақырыбындағы ҚХР ұйымдастырған және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық еткен дөңгелек үстелге дамушы елдердің басшылары қатысты, онда қазақстандық делегация дамушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларына өз көзқарасын білдірді. Атап айтқанда, Қазақстанның Ауғанстанға, Африка және Латын Америкасы елдеріне БҰҰ Даму бвағдарламасымен бірлесе жүзеге асыру және даму мәселелеріндегі көмегі атап өтілді, онда ең алдымен Африкаға, дамушы елдердің ғылыми мекемелері мен іскер топтарына, үкіметтеріне көмектесуге бағытталған әріптестіктің жаңашыл бағдарламасы әңгіме өзегіне айналды, осы елдердің денсаулық, энергетика және ауыл шаруашылығы салалары үшін жас кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту мәселелері қаралды.

Осы күні Ресей сыртқы істер министрінің төрағалығымен өткізілген ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кездесуі оның ауқымындағы өзара іс-қимылдың жай-күйін, мемлекет басшылары шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі нақты қадамдарды талқылауға мүмкіндік берді.

Сол күні БҰҰ БА сессиясы ауқымында Е.Ыдырысов әріптестері Бутан  сыртқы істер министрі Дамчо Дорджимен және Сьерра-Леоне сыртқы істер министрі Самура Камарамен екіжақты кездесулер өткізді. Екіжақты ынтымақтастықтың дамытудың перспективалары, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.




Яндекс.Метрика