Ұлттық интеллигенциясының рөлі

«Астана Опера» театрында «Біржан-Сара» операсы

8 қарашада атақты қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі режиссер Юрий Александровтың «Біржан-Сара» операсы көрсетіледі, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қазан , 15:20

«Қоюшы-режиссер Юрий Александров  «Біржан-Сара» операсының соңына өзгертулер енгізіп, жаңаша түрде ұсынады. Қойылымның соңында фольклорлық сарын артқы планда қалып, негізгі басымдылық адамдық көңіл-күй мен сезімге берілген. Бұл қазіргі заманның көрермені талғамына сай орайластырылған. Режиссердің басты мақсаты бүгінгі ұрпаққа ұғынықты етіп қана қоймай, драманың идеясы мен мәңгілік махаббат ұғымын да жеткізе білу», - делінген хабарламада.

«Жеке басым музыкалық театрда физикалық қайтыс болуды мүлде жоққа шығарамын. Бұл жердегі өмір жайлы ұғым мүлде бөлек, театр шымылдығының екінші бетіндегі өлім басқа. Біз қойылымның қорытындысын сәл өзгерттік. Меніңше, өнерді өлтіруге болмайды. Біз операға өзгерістер енгізе отырып қос ғашықтың махаббатын қойылымның қорытындысы етті», - дейді Ю.Александров.

Операның жаңа музыкалық редакциясы авторы Абзал Мухитдинов. Басты партияның орындаушысы –Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева мен Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Ахмед Агади.

Алтынайдың рөлінде опера әншісі Дина Хамзина ойнаса, Естай бейнесін Бейімбет Таңарықов ашқан.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика