Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Цзин-Юн Кай инвестиция салу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық қаржы корпорациясының атқарушы вице-президенті Цзин-Юн Каймен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде28 Қыркүйек , 09:38

Кездесу барысында жеке секторды дамыту және инвестиция салу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Тараптар Қазақстанның орнықты дамуды қамтамасыз ету және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне де айрықша назар аударды.

Дүниежүзілік банк құрылымына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы дамушы елдер нарығына арналған инвестицияларды басқару мақсатында құрылған.

 




Яндекс.Метрика