Халықаралық интеграция

Қазақстан Президенті Cisco Systems директорымен компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Cisco Systems компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон Чемберспен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде28 Қыркүйек , 09:31

Кездесу барысында трансұлттық компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ретте инновациялар және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударылды. 

Қазақстан Президенті Cisco Systems компаниясымен ықпалдастық аясын кеңейтудің маңыздылығын, бұл жұмысшыларының саны 70 мыңнан асатын ірі компания екенін атап өтті.

Д.Чемберс компания шешімдері "ақылды қалалар" құру ісінде, білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы түрлі үдерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін екенін айтты.

 




Яндекс.Метрика