EXPO-2017

Кувейт ЭКСПО-2017-ге қатысады

Гувейт мемлекетіндегі Қазақстанның елшісі Асқар Абдраманов Кувейт мемлекетінің ақпарат министрі шейх Салман Сабах ас-Салим әл-Хаммуд Ас-Сабахпен кездесті.
Әлемде28 Қыркүйек , 10:18

Кездесу аясында А.Абдраманов «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту және еліміздің «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандарылған көрмені өткізуге дайындық барысы туралы кеңінен әңгімелеп берді, деп хабарлады ҚР СІМ.

«Шейх Салман Ас-Сабах ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың іскерлігін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, ол Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандарылған көрмесіне Кувейт мемлекетінің қатысатынын жеткізді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Шейх Салман Ас-Сабах қазақстандық тараппен ақпараттандыру, масс-медиа  саласында ынтымақтастықты одан ары дамытуға дайын екенін жеткізді. 




Яндекс.Метрика