Халықаралық интеграция

Е. Ыдырысов Нью-Йоркке ҚР Прензидентінің сапарын дайындау үшін және Қазақстанның БҰҰ ҚК өтінішін ілгерілетуі мақсатында келді

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясы қарсаңында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған делегацияның қатысуымен шаралар басталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әлемде26 Қыркүйек , 14:32

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Нью-Йоркке ҚР Прензидентінің  сапарын дайындау және Қазақстанның БҰҰ Қауыпсіздік кеңесіндегі өтінішін ілгерілетумақсатында келді.

Айта өтейік, жақын арада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының Жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделуде. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.




Яндекс.Метрика