Адами капитал

Щучье қаласында 155 кадет әскери ант қабылдады (ФОТО)

Щучье қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Ақмола 26 Қыркүйек, 15:32

«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ант қабылдай отырып, Қазақстан халқы мен оның заңды түрде сайланған Президентіне адал болуға, Конституция мен егеменді мемлекетімнің заңдарын ардақтап сақтауға салтанатты түрде ант беремін», - бұл жауапты сөздерді өздерінің туған-туысқандары, командирлері мен жолдастарының көзінше 155 кадет айтты.

Барлығы осы жылы Кадет корпусына 219 адам оқуға түсті. Оның 88-і келісімшарт және мерзімді қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондықтан, әскери антқа орта жалпы білім беру мектептерінің түлектері болып табылатын 155 бозбала ғана әскери ант қабылдауға келтірілді.

Іс-шара аясында оқу орнының алаңқайында 1-курс кадеттерінің саптық дефилесі, қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетпелі көрсетілімдер өтті. Меймандарға оқу ротасының орналасуын, мұражайды, динамикалық тренажер мен «ПРОФИ» атыс кешенінде нормативтерді көрсете отырып, зертханалық корпусты  аралап шығу ұйымдастырылды.

Айта кетерлік жайт, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы құрылғаннан бастап бөлімше командирінен бастап ҚР ҚК бас сержанты лауазымдарында қазақстандық армияда қызмет атқарып жүрген кіші командалық құрамдағы 2 200 маманды түлетіп шығарғанын атап өткен жөн. Тағы 214 түлек сержант биылғы жылы Қарулы Күштер қатарына кірді.  «Әскери басқару кіші маманы» дипломы және біліктілігімен, ЖӘЖМ механик-жүргізушісі және «В», «С» санаттағы жүргізуші куәлігімен олар Қазақстанның әр өңірінде қызмет етуге кірісті. 





Яндекс.Метрика