Қазақ хандығына 550 жыл

Е.Сұлтанов: Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтiң дәлелі

Петропавлда Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай салтанатты жиын өттi. Солтүстiкқазақстандықтарды бұл маңызды тарихи датамен Ерiк Сұлтанов құттықтады, деп хабарлады СҚО әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан26 Қыркүйек , 15:04

«Бұл — қазақ елiнiң егемендiк пен елдiктi, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгiштiк пен патриотизмдi насихаттайтын мерейтойы. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Елордамыз — Астанада алыс-жақын ағайынның басын қосты. Түркi тiлдес бауырларымыз батыр бабаларымыздың рухына тағзым ету және ата тарихынан тағлым алу үшiн өткен ұлы тойдың куәгерi болды. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтiң дәлелi. Бүгiнде елiмiз дамудың ең жарқын болашағын айқындаған «Қазақстан — 2050» стратегиясымен алға ұмтылуда. Отанымыздың өркендеуi жолындағы мақсат-мiндеттердi iске асыруда баршамыз табысты еңбек етуге тиiспiз»,-дедi Ерiк Сұлтанов өз құттықтауында.

Бұдан соң, солтүстiкқазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мерекенiң естелiк белгiлерiмен марапаттады. Кейiн салтанатты жиын мерекелiк концертке ұласты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығы 1465 жылы құрылып, қазақстандық мемлекеттiлiктiң қалыптасуының жаңа кезеңi болды. Атаулы күндi тойлау идеясын Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты.

Қазақ хандығының құрылуына арналған мерекелiк шаралар қазан айының соңына дейiн Қазақстанның барлық қалаларында өткiзiледi.




Яндекс.Метрика