Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығы: Степногорскта ауылдың кішкентай бөлігі орналасты

«Жер-Ана Астана» қоғамдық бірлестігі мен Степногрсктың ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы қала тұрғындарын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туған жер топырағы» акциясымен қуантты, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 26 Қыркүйек, 13:46

Игі шараның мақсаты қазақ халқының тұрмыстық жағдайдағы әдет-ғұрпын, кәсібін жастар мен қала тұрғындарына көрсету болды. Аталмыш мейрамды өткізу өткен жылы көктемде ойластырылған.

«Ауылдың кішкентай бір бөлігі бірнеше этноалаңдар жұмыс істеген жерге орналастырылды. Онда сүтті өңдеу, қаймақ тарту, май жасау, бауырсақ пісіру мен құрт жаю сынды тұрмыстық салт көрсетілді. Сонымен қатар, жүн түту, ұршық иіру, тоқыма тоқу, құрақ көрпе тігу сынды қол өнер түрлері де назардан тыс қалмады. Ал, балалар үшін асық ату, тоғыз құмалақ сынды ұлттық ойындар ойнатылды», - делінген хабарламада. 





Яндекс.Метрика