Білім беру

Қазақстандық жас геологтар Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Жас геологтар Әнель Тынысбек, Қаламқас Жағыпарова және Аружан Нурулла Жер туралы ғылымдар бойынша (InternationalEarthScienceOlympiad - IESO) халықаралық олимпиададан жүлделі оралды, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Әлемде26 Қыркүйек , 13:09

Бразилияның Сан-Пауло қаласында қыркүйектің 13-20 аралығында өткен білім сайысында Ә.Тынысбек «Гидрогеология» пәні бойынша күміс медаль, Қ.Жағыпарова мен А.Нурулла «Жалпы геология» және «Космогеология» аталымдары бойынша қола медальға ие болды.

«Ал, Ернұр Пермебектің алғашқы үздік үштікке кіруіне бірнеше балл жетпей қалды. Бір атап өтерлігі білім сайысына қатысушылардың барлығы Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның оқушылары. Олимпиададан жүлделі оралған оқушыларды ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қабылдап, алғыс хатпен марапаттады», - делінген хабарламада.

Халықаралық олимпиадаға әлемнің 20 елінен 1000 аса жас геолог қатысты.  Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің қозғалысы табысты дамып келеді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанынан оқушылардың жоғарғы оқу орнына дейінгі геологиялық дайындығын және жас геологтар қозғалысын қолдау мақсатында «Жас геолог» корпоративтік қоры құрылды. 




Яндекс.Метрика