Президент тапсырмаларының орындалуы

500-ден артық «әмбебап полицей» патрульдік қызмет атқарады

Мемлекет басшының тапсырмасын орындау барысында жол және патрульдік қызметкерлерді біріктіру үрдісі аяқталуда.Бүгін ОКҚ баспасөз конферециясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха журналистердің жол және патрульдік қызмет қызметкерлерін біріктірутуралы сұрақтарына жауап берді.
Астана қаласы29 Қазан , 14:54

«Бұл жұмыс қазір аяқталып қалды, аумақтық басқармалар саптағы бөлімшелерге қосылды, қазір бәрі тек механикалық түрде жүргізіліп жатыр, яғни патрульдік полиция қызметкерлерінің санына жол полициясы қызметкерлерінің санын қосып, бір саптық бөлімше жасап жатырмыз. Ал, ең басты айтайын дегенім, патрульдік болсын, жол полициясы болсын – бізде қазір қажетті қызметкерлер саны жетіспейді, яғни біз нормативтерді ұлғайтпаймыз, бірақ осы біріктірулер арқылы жол және патрульдік қызметкерлер санының жетіспеушілігін жабамыз, сөйтіп, тақау арада елді мекендердегі қызметкерлер санын арттыру туралы мәселе көтерілмейтін болады. Бізде республикалық және облыстық маңызды трассаларда 2,5 мың жол полицмясы қызмет атқарады, бұл өте аз.

Бүкіл жол бойына қызмет көрсету үшін біз қалалардан 519 адамды трассаға шығарып отырамыз. Қалалардағы қызметкерлер бұрынғыдай көлемде қалады, бірақ біз мұны реттейміз – олардың жартысы қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтаумен айналысатын болады. Ең алдымен, жол полициясында жұмыс істейтін жұмыс тәжірибесі мол қызметкерлеріміз бірлескен экипаждарда және солардың қатарында жұмыс істеп, оларды машықтандырады, тәртіп бұзушылықтар мен асыра сілтеушіліктер болмауын ескере отырып үйретеді», - деді И. Лепеха.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика