Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан автобизнес қауымдастығына 20-дан астам өкіл кіреді

Қазақстан автобизнес қауымдастығына 20-дан астам ресми өкіл кіреді, олардың ішінде делдалдар, автомобиль мен автомобиль бөлшектерінің дистрибьюторлары, сонымен қатар ҚР-дағы сақтандыру және қыржы қызметтерін көрсететін компаниялар бар, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 20:08

«Бүгінде Қазақстан автобизнес қауымдастығына 20-дан астам ресми өкіл кіреді, олардың ішінде делдалдар, автомобиль мен автомобиль бөлшектерінің  дистрибьюторлары, сонымен қатар ҚР-дағы сақтандыру және қыржы қызметтерін көрсететін компаниялар бар. Жалпы, Қауымдастық отандық автонарықтың және автоөндірістің хабаршысына айналды», - деді А. Лаврентьев.

Бұдан басқа ол атап өткендей, жеңілдетілген несиелендіру және жеңілдетілген лизинг мүмкін болды, осы ретте қазақстандық өндірістегі автомобильдерге сұраныс өсті.

«Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы отандастарымызға қазақстандық өндірістегі жаңа автомобильді алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, еліміздің  өндірушілеріне үлкен қолдау көрсетті», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы 2010 жылы құрылды, ол коммерциялық емес ұйым.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика