Халықаралық интеграция

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті

Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумының екінші күні аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті.
Әлемде25 Қыркүйек , 19:52

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасында жылы шырайлы, өзара сенімге құрылған қарым-қатынастың орныққан айтты, сондай-ақ екіжақты ынтамақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь елдерінің көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын айрықша атап көрсетті. Тиімді серіктестіктің негізі үшін  әртүрлі деңгейде қол қойылған бірнеше ондаған тараптық құжаттармен есептелетін өзара іс-қимылдың нормативті-құқықтық базасын атауға болады.

Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрайымы И.Гусейновамен жәнеОңтүстік Африка Республикасы Ұлттық Ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Тсенолимен кездесті. Кездесулер кезінде әйелдерге қатысты заңнамалық және құқық қолдану тәжірибелері, ана мен баланы қорғау, «ЭКСПО-2017»көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова ТМД-ға қатысушыелдердің Парламентаралық Ассамблеясының «Древо жизни» сыйлығын және Еуразиялық әйелдер форумының сыйлығын тапсыру салтанатына қатысты.

Бұдан басқа, Мемлекеттік хатшы Халықаралық еңбек ұйымы Бас директорының орынбасары Сандра Поласкимен де кездесті. Екіжақты кездесу барысында тараптар еңбек қатынастарын реттеу және еңбекті қорғау саласының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Айта өтейік, Г.Әбдіқалықова С.Поласкиді елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының, Бес институционалдық реформаның жәнеҰлт жоспары – «100 нақты қадамның», сондай-ақ, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының іске асырылуыбарысы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жаңғыртылғаны, сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жастарды еңбекпен қамту саласы бойынша саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ХЕҰ техникалық ынтымақтастығы жобасын қарастыру барысы жайлы хабарлады.

Кездесу барысындаГ.Н.Әбдіқалықова қазақстандық мамандарды оқытудағы және біліктілігін арттырудағы ХЕҰ-ныңмаңызды рөлін атап өтті. 




Яндекс.Метрика