Экономика

М. Пішембаев: Машина жасау саласы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру керек

Астанада 2015 жылдың 1-2 қазанында Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумы өтеді, келелі кеңес ДСҰ мен ЕАЭО жағдайында Қазақстанның машина жасау саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын жасақтауға арналады.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 18:34

«Форум тақырыбына бүгінгі жаңа экономкалық жағдайдағы машинақұрылысының проблемалары мен болашағы және оны одан ары дамыту жолдары арқау болмақ. Сонымен қатар,  қазақстандық бизнестің интеграция аясындағы мүмкіндіктері де тілге тиек етіледі», -  деді Қазақстан машина жасаушылар одағы басқарма төрағасы М.Пішембаев.

Оның айтуынша, ДСҰ жағдайында отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мәселесі арта түседі.

«ЕАЭО жағдайында біздің нарығымыз 5 мемлекет үшін қолжетімді болса, ДСҰ жағдайында бәсекелестік артады. Яғни, ДСҰ мен ЕАЭО жағдайында Қазақстанның машинақұрылысы саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын жасақтау мәселелері талқыланады және осы мақсатта мемлекеттік органдармен бірлесіп одан ары жұмыс істеу жоспарын түзетін боламыз», - деді ол.




Яндекс.Метрика