Халықаралық интеграция

Қазақстандық және өзбек сарапшылары аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Алматыда ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен қазақ және өзбек сарапшыларының кездесуі өтті.
Алматы қаласы 25 Қыркүйек, 19:36

Аталмыш кездесу ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен ӨР Президентi жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты арасындағы (САЗИ) ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы алғашқы кездесу болды.

САЗИ  Өзбекстан Республикасының жетекші сараптамалық және ғылыми-зерттеу институты болып табылады.

ҚСЗИ делегациясының Ташкентке сапары аясында тараптар аталмыш форматтағы кездесулерді жиі өткізуге уағдаласты.

Бұл жұмыс сапарының тақырыбына аймақтық кәсіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан мен Таяу Шығыстағы жағдайлар арқау болды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. 





Яндекс.Метрика