Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қырғызстан ұлтаралық қылмыспен күрес бойынша бірлескен шаралар әзірледі

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы ішкі істер министрліктерінің шекаралық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Жамбыл 25 Қыркүйек, 19:21

Кеңес жұмысына Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Қырғызстан Ішкі істер министрі Мелис Турганбаев, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлініс басшылары, сонымен қатар екі мемлекеттің шекаралық облыстар мен аудандардың ішкі істер органдарының басшылары қатысты.

Кеңеске қатысушылар Қырғыз Республикасының Еуразия экономикалық одағына қосылуына байланысты туындайтын жаңа жағдайларда ішкі істер министрліктерінің ынтымақтастық мәселелері мен перспективалары талқыланып, өзара пікір алмасты.

Облыс әкімі К. Көкірекбаев өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталып, делегация мүшелерін шекара аумағындағы проблемалармен таныстырды.

Кеңес барысында министрліктердің орталық аппараты қызметтерінің екі жақты тікелей байланысқа шығу тәжірибесін енгізуге және шекаралық ішкі істер органдары басшыларының жұмыс кездесуін тұрақты өткізуге келісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстарға, есірткі бизнесіне және есірткі трафигіне, мал ұрлығына, криминалдық көлік бизнесіне, сонымен қатар  адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласында бірлескен кешенді шараларды қолға алу көзделді.

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика