Экономика

Қазақстанның аграрилері отандық ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттар бойынша алып жатыр

Қазақстанның аграрилері отандық ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттар бойынша алуға мүмкіндік алды, деді «АгромашХолдинг» АҚ төрағасы Ким Дин Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 18:19

«Қазақстан аймағында аграрилерге арналған бірқатар қолдау шаралары бар. Өндірісті ұйымдастыратын  инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ҚазАгро холдингіне жүгінуге болады. ҚазАгроҚаржы лизингтік компанияларының көмегімен теңге бағамында инвестициялық қарыз алуға жол ашық. Жоба жеңілдікті қарыз беруді жүзеге асырады. Істі бастау үшін мемлекет тарапынан қолдауға ие бола алады. Оған қоса, «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша ЕДБ лизингіне ие болуға болады. Біз ҚДБ қолдауын алып жүрген компания ретінде несие алып, республика аймағында астық жинайтын техниканы құра алдық», - деді Д.Ким.

Ол атап өткендей, дайын өнімді жүзеге асыру бойынша компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингтік компаниямен ынтымақтастық жүргізеді.

«ҚазАгроҚаржы» лизингтік жеңілдіктерді үнемі ұсынып тұрады. Аталмыш механизм бойынша бүгінгі көрсеткіштер бойынша  қолжетімді бағаға техника алуға болады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика