Халықаралық интеграция

Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі әлемдік қауымдастықтың талаптарына жауап береді - сенатор

Сенат депутаттары Людмила Полторабатько, Ольга Перепечина және Михаил Бортник Санкт-ПетербургтеЕуразиялық әйелдер форумына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қыркүйек , 18:49

Форум барысында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі М.Бортник «Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлеуметтік қауіпсіздік кепілі» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Сенатор ұлтаралық және конфессияаралық келісім өмірдегі шынайы көрініске айналғанын, оның қазақстандық үлгісі әлемдік қоғамдастықтың даму талаптарына жауап бере алатынын атап өтті. Ол 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейлі жыл екені туралы хабардар етті.

 «Ассамблея өз тарихында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесу органынан құқықтық негізі бар қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға айналды», - деп атап өтті М.Бортник.

М.Бортник сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында алға қойған, іске асыруға Ассамблея тікелей қатысатын міндеттерге назар аударды.

Бұл бүкіл қазақстандық мәдениетті дамыту, ортақ рухани-адамгершілік құндылықтардың негізінде халық бірлігін нығайту, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілді және үш тілде білім беруді одан әрі дамыту, ашық мемлекетте қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, ұлтаралық қатынастарды саясиландыруға жол бермеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ бойынша мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту болып табылады.
 




Яндекс.Метрика