Қалаларға шоғырлану

Астанада салық төлеушілерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды (ФОТО)

Астана қаласының Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге қызмет көрсетуге арналған жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті.
Нұр-Сұлтан 26 Қыркүйек, 10:02

Есіл ауданының тұрғындары мен жаңа орталықтың қызметкерлерін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов құттықтады. Ә. Сқақов тілшілерге берген сұхбатында салық төлеушілерге қызмет көрсететін орталықтың маңыздылығына тоқталды.

«Елордамыздың сол жағалауы жылдам қырқынмен өсіп жатыр, сондықтан Есіл ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Қазіргі таңда салық төлеушілермен мемлекеттік кірістер басқармасы арасындағы байланыс электрондық тәртіпке көшіп жатыр. Астана қаласы тұрғындарының 95%-ы мемлекеттік кірістер басқармасына электронды есеп тапсыруға көшкен. Олардың көбінің айтуынша, электронды есеп жіберудің артықшылықтары көп. Бүгін ашылған жаңа орталық салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, сапалы қызмет алуларын қамтамасыз етеді. Өйткені қызмет көрсету электронды кезек арқылы жүзеге асып жатыр», – деп бөлісті Департамент басшысы.

Орталықта салық төлеушілердің өз бетінше өтініштер мен салық есептерін жіберуге арналған терминал іске қосылған. Салық төлеушілер терминалды пайдалануды тез үйреніп, алғашқы күннен бастап салық есептерін жүргізіп жатыр.

Астана қаласының кез келген салық төлеушісі өздерінің салықтық міндеттемелерін «Жеке кәсіпкерлерге арналған салық төлеушінің жеке кабинеті» сервисі арқылы да өтей алады. Салық төлеу мерзімінің соңғы күнін күтіп жүріп уақыт өткізіп, салықтың негізгі сомасына өтемпұл қосылмай тұрғанда уақытылы салық міндеттемелерін орындаған дұрыс.

 





Яндекс.Метрика