ҚР ИИДМБ

Қазақстан машина жасаушылар одағы: Қазақстанға 1,3 млрд теңгенің электротехникалық құралы импортталды

Қазақстанға 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1,3 млрд теңгенің электротехникалық құралы импортталды, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағы электротехникалық машина жасау комитетінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 17:24

«Астанада 1-2 қазанда өтетін форумда негізгі 6 секторды белгілеп отырмыз, олардың ішінде электротехникалық машинақұрылысы бар. Бүгінде Қазақстанға 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1,3 млрд теңгенің электротехникалық құралы  импортталды, олар көбіне Қытай, Ресей мен Еуропа елдерінен әкелінді», - деді Е. Ілиясов.

Оның айтуынша, бұл сала кең ауқымды және ол толығымен әліде игерілген жоқ. «Бізге машинақұрылысы саласын одан ары дамыту керек. Форум аясында біз ДСҰ және ЕАЭО жағдайында машинақұрылысы саласының еңбек өтімділігін арттыру шараларын жасақтауды көздеп отырмыз, дәлірек айтсақ электртехникалық машинақұрылысы саласының өнідеріне қатысты шаралар», - деп атап өтті ол.

Үшінші машина жасаушылар форумында электртехникалық саланы бірқатар тақырыптар бойынша бөліп қарастыру көзделген. Олар мемлекеттік қолдау шаралары, ДСҰ мен ЕАЭО жағдайында ұсыныстар мен ескертпелер және тағы басқа. «Форум аясында еліміз бойынша аталмыш саладағы ірі кәсіпорындарды аралау жоспарлануда, онда олар өздерінің ұсыныстары мен ескертпелерін беретін болады», - деп сендірді  Е. Ілиясов.




Яндекс.Метрика