Халықаралық интеграция

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Еуропарламент депутаттарымен кездесті

ҚР СІМ-де сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков Еуропалық парламенттің депутаттарымен кездесті.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 18:02

Еуропарламенттің арнайы делегациясы Астанаға Қазақстан Республикасы-Еуропа одағы парламенттік ынтымақтастық комитетінің кезекті 13-ші отырысына қатысуға келді, деп ведомстводан хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады, сонымен қатар ынтымақтастық болашағын бағамдады.

Тараптар Қазақстан Республикасы пен Еуродақ арасындағы ынтымақтастық пен серіктесікті кеңейту туралы келісімді ратификациялау және қол қою, визалық режимді жеңілдету, Қазақстанға нарықтық экономикасы бар мемлекет дәрежесін беру сынды бірқатар мәселелерге жіті назар аударды.

 




Яндекс.Метрика