Өңірлер

Астана кәсіпорындары жыл басынан бері 261 млрд теңгенің құрылыс жұмыстарын орындады – ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар-тамызда Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 261 582,7 млн. теңге сомасына құрылыс жұмыстарды (қызметтерінің) орындады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 20:23

Орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің ең жоғары үлестік салмағы - 62,9%-ы жеке меншік мердігерлік ұйымдарға, 37%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға келеді, мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1%-ын орындады.

Құрылыс жұмыстар құрылымында жалпы көлемнің 97,2%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарына, 1,7%-ы күрделі жөндеуге, 1,1%-ы ағымдағы жөндеуге  келеді.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде тұрғын және тұруға арналмаған ғимараттардың құрылысы бойынша жұмыстар басым үлеске ие болды, олардың көлемі 136987,7 млн. теңгені (52,4%) құрады, 20554,9 млн. теңге (7,8%) өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстарында игерілді.




Яндекс.Метрика