Инвестициялар

Елорданың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 400 мың теңгені құрады

2015 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 426616,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 16,5%-ға көп, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 10:36

Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,7%-ды құрады.

Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 67,3%-ын құрайды.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты 28,8%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 54,8%-ды, банк кредиттері 5,1%-ды, басқа қарыз қаражаттары 11,3%-ды құрайды.




Яндекс.Метрика