Халықаралық интеграция

«Европа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХІV Қазақстан-Ресей халықаралық көрмесіне 180-нен астам кәсіпорын қатысты

Ақтөбеде «Европа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХІV Қазақстан-Ресей халықаралық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП» баспасөз қызметі.
Ақтөбе25 Қыркүйек , 20:38

Көрменің мақсаты Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, қоғамдық ынтымақтастықты дамыту, Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы қатынастарды нығайту, бірлескен бизнес жобаларды, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарындағы шекарасыз ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін бақылау болып табылады.  

Жыл сайын көрмеге төмендегідей бағыттар бойынша кәсіпорындар қатысады: машина жасау, аспап жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия және ресурсты үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнайы техника, автокөліктер, ауыл шаруашылығы, қызметтер (денсаулық сақтау, білім, туризм және т.б. салалардағы).

Кәсіпорындардың ұжымдық экспозицияларын Ауыл шаруашылық, азық түлік және өңдейтін кәсіпорындар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Орынбор облысының мәдениет, спорт және туризм министрлігі,  Орынбор қаласының Әкімшілігі көрсетті.

Көрмеге Ресейдің, Қазақстанның, Польшаның 180 - нен астам кәсіпорындары мен бизнес өкілдері қатысты.

Көрменің іскерлік сипаты Ақтөбе және Орынбор облыстарының сауда-экономикалық маңызы бар сұрақтарын талқылауға бағытталған  әртүрлі семинарлардан, дөңгелек үстелдерден және таныстыру рәсімінен тұрды.

Ақтөбе қаласындағы Индустриалық аймақтың, «Спецтехника» ЖШС компаниясының таныстыру рәсімі мен Қазақстан мен Ресейдің сауда желілері мен жабдықтаушылар өкілдерінің іскерлік кездесуі өткізілді.

2014 жылы көрме Орынбор қаласында өтті, 200 ге жуық қатысушылар мен 2000 нан астам келушілер жиналды. Көрме барысында 2014-2016 жылдарға Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Орынбор облысының арасындағы  сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және қоғамдық ынтымақтастық жөніндегі іс-шараны жүзеге асыру туралы келісімінің Хаттамасы толтырылды.

 




Яндекс.Метрика