ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысында ұстаздар арасында «Тіл дарын» байқауы өтті

Шортанды ауданында өзге ұлт ұстаздары арасында қаза тілін меңгеру бойынша «Тіл дарын» байқауы болып өтті – деп Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.
Ақмола 25 Қыркүйек, 16:53

Аталмыш іс-шара Қазақстан халқы Тілдерінің күніне орай ұйымдастырылды.

Байқауға қатысушылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен қорғап, барлық жарыс тапсырмаларын ойдағыдай орындады. Өздері, жанұялары мен жұмысына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Сайыстың екінші кезеңі «Полиглотта» - қатысушылар берілген мақал-мәтелдерді неміс, орыс, ағылшын тілдеріне аударып жатты. Ал, блиц-турнирде өздерінің нақты жауаптарымен және жылдамдықтарымен әділ-қазыларды таң қалдырып жатты.

Үй жұмысы кезеңінде қатысушылар өздерін шығрмашылық жағынан көрсетіп, әннен шашу шашып, биден маржан төкті.

Байқау қорытындысы бойынша «Тіл дарыны» болып ағылшын тілінің мұғалімі Анастасия Попова танылды. Тарих пәнінің мұғалімі Вячеслав Гавриш екінші, ал, психолог Людмила Репринцева үшінші орынды жеңіп алды. Биология пәнінің мұғалімі Виталий Черный жеңіске деген құштарлығы аталымымен марапатталды.





Яндекс.Метрика