Өңірлер

Жыл басынан бері қазақстандық аграрилерге көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам займ берілді

Аграрлық несие корпорациясы 2015 жылдң басынан бері қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 14,5 млрд теңгені несиеге берді, деп корпорациядан хабарлады.
Казахстан26 Қыркүйек , 11:03

Оның ішінде 8,5 млрд теңге республикалық бюджеттің қаражаты. Осы қомақты қаржы есебінен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына көмек көрсетілді. Бүгінде аталған қаржы толығымен игерілген.

Ал, қалған 6 млрд теңге АНК-ның несиелік серіктестіктерін қорландыруға бағытталды. Корпорация  несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейді.

Жалпы, қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам займ берілді. 




Яндекс.Метрика