Өңірлер

Құрық портында вахталық ауыл құрылды

Каспийдегі Құрық портында паром кешенінің құрылысшылары үшін вахталық ауыл салынды, деп хабарлады ҚТЖ.
Маңғыстау25 Қыркүйек , 16:21

Ауылда кеңсе ғимараты, әкімшлілік тұрмыстық кешен, асхана мен екі жатақхана бар. Уақытшы қалашық 150 жұмысшыға және 40 инженерлік-техникалық мамандарға есептелген. Мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жақсы тұрмыстық жағдай еңбек өнімділігін арттырады», - деп атап өтті салынып жатқан жобаның бас инженері Марат Дүйсенбаев.

Белгілі болғандай, мұнда жылдың сәуір айында басталған Құрық портына паром кешенінің құрылысы жүргізілуде.




Яндекс.Метрика