Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Астананың жол бұрылыстарында қозғалыс бақылауының 10 кешені орнатылды

Астанада жол бұрылыстарында қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 16:04

«Ақылды қаланың» инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру елорданың ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және оған келесі құрамдас бөліктер енеді: «Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі», біріктірілген тұғырнама, мәліметтерді беру желісі, «Смарт Астана» жобасының үлгілері және кіші жүйесі, «ақылды қала» шешімдерінің Астана орталығы.

Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылды. Бұл құқық бұзушылықтарды анықтауға және ол туралы ақпаратты қалалық басқару орталығына беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, бейнебақылау камераларымен қаланың орталық бөлігі қамтылған. Жоба шегінде қалалық басқару орталығына жол бойындағы және қоғамдық орындардағы, оның ішінде салынып жатқан «ЕХРО-2017», «Абу Даби Плаза» КБК, «Жаңа темір жол вокзалы», Мұз сарайы , «Қазақ хореографиясы академиясы ғимараттарының кешені (би мектебі)» объектілерінде  1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес осы жүйемен қамтылған аудандарда құқық бұзушылық санының төмендеуі күтілуде.

Сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркеудің аппаратты-бағдарламалық кешендерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта, жылдамдық түзімін тіркейтін 25 фиксатор және бұрылыстардағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды. Бұл шаралар 1 км/сағ көлік құралының жылдамдығын оптикалық диапазонда тіркеуге мүмкіндік береді және қосымша датчиктерді орнатуды қажет етпейді.

 

 




Яндекс.Метрика