Өңірлер

Павлодар облысы Астанадағы жәрмеңкеде 184 млн теңгенің 730 тонна өнімін ұсынады

2015 жылдың 26-27 қыркүйегінде Астанада Павлодар облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашлығы жәрмеңкесі өтеді, олар өнімнің 25 түрін ұсынады.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 12:29

Жәрмеңкеге Павлодар өңірінің өңдеу және ауыл шаруашылығы саласының жүзден астам кәсіпорны қатысады. Олар 184 млн теңгенің 730 тонна өнімін ұсынады. Барлық өнім нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзанға сатылады.

«Павлодарлық кәсіпорындар жәрмеңкеге ет және ет өнімдері – 180 тонна, сүт өнімі – 25 тонна, жұмыртқа – 104 мың дана, картоп – 300 тонна, көкөніс – 490 тонна, ұн – 20 тонна, макарон өнімдері – 37 тонна, нан және кондитерлік өнімдер – 12 тонна, өсімдік майы – 18 тонна, балдың 3 тоннасын жеткізеді», - деді ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Әсет Құрманғалиев.

Айта кетейік, Астанада  апта сайын  өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 2015 жылдың 22 тамызынан бастап, апта сайын Жамбыл облысы, ОҚО, Қызылорда облысы, БҚО, Атырау облыстарының қатысуымен  жәрмеңкелер ұйымдастырылып отырады. Бүгінгі таңда елордада 102 тауар өндірушінің қатысуымен 46 жәрмеңке өткізілді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика