Парламент

ҚР Парламентінің ашық отырыстары онлайн көрсетілетін болады

ҚР Парламентінің, маслихаттардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін ашық отырыстар онлайн көрсетілетін болады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасын Астанадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда таныстыру барысында.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 12:17

«Егер заңды тұлғалар бюджет қаржысын, салық төлеушілердің қаржысын алатын болса онда ол аталмыш қаржының игерілуіне байланысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамсыз ету керек. Қазақстанда жүздеген заңды тұлғалар бар, олар қоғамды өздерінің қызмет туралы хабардар етіп отыруы тиіс , сондықтанда олар ақпарат иеленуші субъектілер ретінде анықталып көрсетілген», - деді М. Әшімбаев.

Оның айтуынша, ақпарат иеленуші субъектілеріне төтенше жағдайлар, табиғи және техногенді апаттар туралы  мәліметтерді білетін субъектілерде жатады.

«Ақпарат жазбаша немесе ауызша сұраныс берілген жағдайда берілуі мүмкін. Сонымен қатар, ақпарат мемлекеттік органдардың, министрліктердің, әкімдіктердің, оқу орындарының сайттарында, сондай-ақ,  БАҚ жариялауы мүмкін. Сонымен қатар, «электронды үкімет» порталында да ақпараттарға қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. ҚР Парламентінің, маслихаттардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін  ашық отырыстардың онлайн көрсетілімі ашық ақпарат форматына жатады», - деді  М. Әшімбаев.

Бұдан басқа, депутат  сұраным аясында жауап халықаралық талаптарға сай 15 күнтүзбелік күн ішінде берілуі тиіс деп атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика