Президент тапсырмаларының орындалуы

Жол ережесін бұзған жүргізуші қылмыстық кодекс бойынша жазаланады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының жобасында жол қозғалысы ережелерін дөрекі бұзу қылмыстық әрекеттердің қатарына ауыстырылуда. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.
Астана қаласы29 Қазан , 13:48

«Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында рульге мас болып отырған жүргізушіге 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза, немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылып отыр, екі жыл мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып.

Сондай-ақ Елбасының тапсырмасы бойынша әкімшілік және жол полициясының бөлімдерін қайта құру жұмыстары қолға алынуда. Бұдан былай қоғамдық тәртіпті, оның ішінде жол қауіпсіздігін Жол-патрульдік полицияның жаңадан құрылған бірлескен бөлімдері қамтамасыз ететін болады. Бұл бөлімдер «әмбебап полиция қызметкерлері» қағидаты бойынша қызмет етеді.

 Оған қоса, апатты-қауіпті учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оңтайландыру шараларының есебінен қала сыртындағы жолдарға қосымша 500-ден астам полиция қызметкерін жіберуді жоспарлап отырмыз. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің медициналық-құтқару көмегі қызметтерімен бірлесіп жұмыс істейтін болады», - деді Комитет басшысы.




Яндекс.Метрика