Инвестициялар

Астана мен Павлодар облысы сауда-экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру келісім шартына қол қойды

Астана мен Павлодар облысы сауда-экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру келісім шартына қол қойды. Меморандумға Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қол қойды.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 12:08

Аталмыш келісім аясында Павлодар облысының тауар өндірушілері өңірде өндірілетін тауарларды нарық бағасынан төмен бағағаға Астанаға жеткізеді. Павлодар облысының мамандандырылған дүкенін ашу жоспарланған, тауар өндірушілер үшін «Шапағат» коммуналдық базарынан  арнайы тауар сату орындары ұсынылатын болады.

«Бүгін Павлодар облысы мен Астана арасында  ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізу бойынша тарихи байланыс  орын алды. Егер тауар өндірушілер әлеуметтік маңызы бар тауарларды делдалдарсыз  жеткізетін болса, халыққа әлдеқайда  қолжетімді бағаға сатылады. Менің ойымша, бұл тәжірибе басқа облыстарда да қолданылады. Демек, Астана нарығы Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтылады, ол азық-түлік белдеуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Әсет Құрманғалиев.

Аталмыш келісімнің уақыты бір жылды құрайды.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика