Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі отандық машина жасау саласындағы бәсекелестікті арттырады – Пішембаев

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі отандық машина жасау саласындағы бәсекелестікті арттырады, деді Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 11:38

«Егер де ЕАЭО тәртібінде 5 ел үшін  біздің нарыққа тікелей жол ашылса, ДСҰ-ға енумен бәсекелестік  ұлғаятын болады. Демек, біз отандық машина жасау саласындағы бәсекелестіктің өскенін байқайтын боламыз», - деді М.Пішембаев.

М.Пішембаев атап өткендей, аталмыш мәселелер мемлекеттік органдармен, қоғам және машина жасаушылар қауымдастығымен  қазан айында өтетін  Қазақстанның машина жасаушылар  форумында  талқыланады.

«Біз машина жасау өнімдерін өндіру тек сапалы көрсеткіштерге ғана емес, оларды экспорттау мен сату жолдарына шығару мүмкіндігінің жолдарын қарастыратын боламыз», - деді М.Пішембаев.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика