Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

М.Пішембаев: Қазақстанда мұнай-газ саласы өндірісінің айтарлықтай төмендеуі байқалмайды

Қазақстанда мұнай-газ саласы өндірісінің айтарлықтай төмендеуі байқалып отырған жоқ, деп хабарлады Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 11:29

«Әлемдік мұнай-газ саласындағы жағдай бірінші кезекте біздің  экономикамызға және осы саламызға әсер етеді. Көптеген компаниялар өздернің инвестициялық шығындарын қысқартуда. Дегенмен мұнай-газ саласы дамып келеді, елімізде мұнай-газ саласы өндірісінің айтарлықтай төмендеуі байқалып отырған жоқ», - деп мәлімдеді  Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай- газ саласына қажетті құралдар – сораптар, мұнай тербелмелері, ірі бөлшектер және т.б. заттардың өндірісі тоқтап қалған жоқ және бүгінде еліміздегі кәсіпорындарға жеткізілуде.

«ҮИИДМБ аясында мұнай -газ саласына қажетті 1000-ға жуық бөлшектердің өндірісі іске қосылды, аталмыш процес бүгінгі жағдайда да белсенді дамып келеді», - деп атап өтті М. Пішембаев.

Бұдан басқа, Пішембаев баса айтқандай, отандық мұнай -газ саласының кәсіпорындары өз өнімдерін Кедендік одақ пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге және өзгеде елдерге экспорттауға бейімделуде.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика