Парламент

Қазақстандықтар мемлекеттік бюджеттің жұмсалуы туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады

Заң жобасында біз барлығына қолжетімді, шектеу қойылмайтын ақпараттар туралы мәлімет бердік, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен жұмсалуы бар, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Астанадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Ақпаратқа қол жеткізу» заң жобасының таныстырылымында.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 11:19

« «Ақпаратқа қол жеткізу» заң жобасының негізінде үш ұстаным болуы керек – меморгандардың ашықтығы, есептілік,еліктірушілік.  Еліктірушілік тұрғындардың меморган шешімдерін талқылауға тартуды меңзейді», - деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ, заң жобасында мына ұстанымдар көрсетілген: заңдылық, ашықтық, әділдік, ақпараттың қызметі, оның шынайылығы, ақпаратқа бірдей қол жеткізу, мемлекеттік құпиялардың айтылмауы.

«Заң жобасында қоғамның назарына ұсыныла беретін ақпараттарды көрсеттік. Оның құрамына лаңкестікке жол беру, өрт қауіпсіздігінің жағдайы, санитарлық-эпидемиологиялық  жағдай, астық өнімдерінің қауіпсіздігі бар. Сондай-ақ,  оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен жұмсалуы да ашық айтылатын ақпарат құрамына енеді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика