Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

М. Пішембаев: Қазақстанда темір жол саласының 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген

Қазақстанда темір жол саласының 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген, деп хабарлады Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 11:10

«Бүгінде темір жол машина жасау  саласының өндірісі дайын өнім санымен есептеледі – тепловоздар, электровоздар, жолаушылар вагоны, жүк вагоны. Теміржол саласының бөлшектер жиынтығының атауы 10 мың шамасында, оның ішінде Қазақстанда 5 мыңға жуық бөлшектер жиынтығының түрлері игерілген», - деп мәлімдеді М. Пішембаев.

Оның айтуынша, отандық машина жасауға  темір жол саласындағы тағы 5 мың жиынтықты игергені жөн.

Өз кезегінде, М. Пішембаев атап өткендей, елімізде жүк тасымалының қысқаруына байланысты темір жол саласындағы бөлшектер өндірісі төмендеп барады. «Біздің нарығымызда бірнеше ондық жеке компаниялар жұмыс істейді, олардың жеке парктері бар. Жүк тасымалының азаюына байланысты вагондарға деген сұраныста азаюда, осы ретте теміржол бөлшектер жиынтығының өндірісі де төмендеуде», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика