Экономика

Қазақстанның машина жасаушылар форумына 30 елдің 200 делегаты қатысады

1-2 қазан күні Астанада Қазақстанның машина жасаушылар форумы өтеді, шараға 30 елдің 200 делегаты қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 11:04

«1-2 қазан күні Астанада Қзақстанның машина жасаушылар форумы өтеді. Форумның тақырыбы жаңа экономикалық жағдайдағы машина жасау саласын дамыту мәселелері болмақ. Қазақстанның ЕАЭО-ға, ДСҰ-ға енуі отандық машина жасау саласына қаншалықты әсер етуі сынды сұрақтар талқыланады. Оған қоса, ықпалдасу кезеңіндегі қазақстандық бизнестің мүмкіндігі тілге тиек болады», - деді М.Пішембаев.

Басқарма төрағасы атап өткендей, форумға Қазақстанның 450 кәсіпорынынң делегаты, 30 елдің 200 делегаты қатысады деп күтілуде.

«Шетелдік инвесторлармен өзара байланыс, бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндігі, машина жасаудың 7 секциясын талқылау: автокөліктік, мұнайгаз, тау-кен металлургиялық, ауы шаруашылық, темір жол, электр техникасы сынды салалар талқыланады», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика