Инвестициялар

Биыл Ақмола облысы мен Чехияның сыртқы сауда айналымы 1081,8 мың долларды құрады – әкімдік

Көкшетауға Чехия Республикасының Оңтүстiк-Моравск өлкесiнен ресми делегация келдi, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігі.
Ақмола25 Қыркүйек , 12:44

Делегация құрамында Чехияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Элижка Жигова және Оңтүстiк-Моравск өлкесiнiң гейтманы (губернатор) Михаил Гашек бар.

Кездесу барысында өңiр басшысы С.В. Кулагин Чехия Республикасы елiмiздiң халықаралық аренадағы маңызды саяси және экономикалық серiктесi екенiн атап атап өттi.

«Ақмола облысының барлық саласы серiктестерiмiз үшiн ашық, бұл кездесу екi жақты ынтымақтастықты әрi қарай белсендiруге тың серпiн бередi деген ойдамын», — дедi әкiм.

Оңтүстiк-Моравск өлкесiнiң гейтманы өз сөзiнде аймақтың ЖОО-лары мен колледждерiнде чех тiлiн үйрену бөлiмдерiн ашу туралы ұсынысын бiлдiрiп, Ақмола облысының әкiмi бастаған делегацияны Чехияда қабылдауға әзiр екендiгiн айтты.

Жалпы Ақмола облысы мен Чехия Республикасының 2015 жылдың қаңтар-шiлде айларындағы сыртқы сауда айналымы 1 081,8 мың АҚШ долларын құраған немесе облыстың жалпы сыртқы сауда айналымының 0,2%.

Атап айтқанда, бiздiң облысымыз Қазақстанның негiзгi аграрлы-өнеркәсiптiк аймақтарының бiрi болып табылады және елiмiздiң 25% астығын өндiредi. Қазақстан жыл сайын алыс және жақын 32 елге 2,0 млн. тонна астық экспорттайды.

Кездесу соңында Ақмола облысының әкiмi Чехия Республикасынан келген әрiптестерiне ризашылығын бiлдiрiп, естелiкке кәдесыйлар сыйлады.

Айта кетейік, Чехия Республикасынан келген делегация дәндi және майлы дақылдарды сақтау және өңдеу бойынша кәсiпорындар «Ақмола Бидай» ЖШС және «Есiл Агро» ЖШС қызметтерiмен танысатын болады.




Яндекс.Метрика