2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

БҒМ басшысы солтүстік өңірлердегі «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен кездеседі

ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов Павлодар қаласында Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы білімді жаңғырту мәселелері» тақырыбында бейресми кездесу өткізеді.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 14:32

Кездесу С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында өтеді. Диалог қатысушылары «Болашақ» бағдарламасының 70 түлегі, ҚР БҒМ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер. Informal Networking Conference білім және ғылым өзекті мәселелерін талқылау, еркін ой бөлісу және сараптамалық бағалау нысанындағы ашық диалогты көздейді.

Кездесу шеңберінде кадрлар даярлаудың, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы арқылы даярлаудың отандық жүйесін дамыту перспективаларын қарау, 2020 жылға дейінгі стипендияны дамыту жоспарында белгіленген түлектердің «Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамаларын «100 нақты қадам» ұлт жоспары басымдылықтарын іске асырудағы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жылжытудағы рөлін талқылау көзделеді.  

Айта кетейік, бұл А.Сәрінжіповтің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен Informal Networking Conference форматында өтетін үшінші кездесуі. Бірінші кездесу 2014 жылғы ақпанда «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да, екіншісі 2014 жылғы маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен.




Яндекс.Метрика