Президент тапсырмаларының орындалуы

Автокөлік жолдарының жағдайына бақылауды күшейтеміз – ҚР ІІМ

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі ОКҚ баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха автокөлік жолдарының жағдайына бақылау күшейту мақсатында олар ұдайы тексеруден өткізіліп тұратынын хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 13:07

«Үстіміздегі жылы ғана олардың қанағаттанғысыз жағдайы туралы 9 мыңдай ескерту жасалып, 1,5 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, БАҚ-да әлеуметтік роликтер беріледі, жол қауіпсіздігі туралы арнайы бағдарламалар дайындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мамандандырылған ХҚКО-на көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беруді жүктеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде», - деді комитет басшысы.

Олар қазір Ақтау, Алматы, Астана және Қарағанды қалалрында жұмыс істеп тұр.Бұл шаралар мемлекеттік қызмет көрсету шараларын 6 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартуға, қағазбастылық пен бюрократтық сияқты келеңсіздіктерді жоюға, халыққа қызмет көрсетуде қолайлы жағдайлар туғызуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, автокөлік жүргізу жөніндегі практикалық емтиханды қабылдау үрдісін автоматтандыру да жүргізушілікке үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтуге ықпал етті», - деп аяқтады сөзін ІІМ өкілі.

 

 

 




Яндекс.Метрика