Парламент

Н.Әбдіров: Мемлекеттік органдардың ақпаратты жариялау процедурасын енгізу Ұлт жоспарын орындауға бағытталған

Астанада «Ақпаратқа қолжетімділік және қоғамның қатысуы - мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен тиімділігін қамтамасыз етуші фактор ретінде» тақырыбымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Конференция сарапшылары мен қатысушылары «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобаларын талқылайтын болады.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 10:34

«Мемлекеттік органдар үшін ақпаратты жариялаудың жаңа механизмдері мен процедураларын енгізу  жемқорлыққа қарсы реформаларды және жалпы «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, әр қаралып отырған заңжобасының өзіндік тарихы бар. Мысалы, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңжобасы бойынша жұмыстар IV шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарымен басталған.

«Еураполық елдердің тарихы көрсетіп отырғандай мұндай заңдарды қабылдау үшін олар ұзақ жылдар бойы дайындалған. Мысалы, Ұлыбританияда бұл заң 30 жыл талқылаудан өткеннен кейін қабылданған», - деп толықтырды Н. Әбдіров.

Айита өткейік, Конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігінің өкілдері,  қорғаушылар  мен жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика